Бүгінгі таңда ақпараттық технологиялар заманында педагогикалық кызметінің саласында мектеп кітапханасы маңызды рөл атқарады. Мектеп жоғары деңгейде жақсы кітапханасыз оқушылардың өскелең талабын қанағаттандыру, рухани байлығын дамыту, білімділік және тәрбиелік қызметін атқара алмайды. Білім негізгі рөл атқаратын қазіргі ақпараттық қоғамда, мектеп кітапханасы жемісті жетістіктерге жету үшін керекті оқырмандарға ақпарат пен идеяларды ұсынады.
Ы.Алтынсарин атындағы орта мектеп кітапханасы оқу жылының басында жоспар жасақтап, жоспарға сәйкес жұмыс жүргізді. Мектеп кітапханасының негізгі міндеті оқушыларды оқулықтармен қамтамасыз ету «Оқулықтардың, оқу-әдістемелік кешендердің, оқу құралдарының және басқа да қосымша әдебиеттердің, оның ішінде электрондық жеткізгіштердегі тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі міндетін атқарушының 2013 жылғы 27 қыркүйектегі № 400 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 3 мамырдағы № 192 бұйрығымен бекітілген оқу басылымдары негізінде жүзеге асырылады. Былтырғы оқу жылында 2 сыныптарға жаңа бағдарлама бойынша оқулықтар келіп,оқушылар түгел оқулықпен қамтамасыз етілсе, биылғы оқу жылында 3сыныптардың орыс тілі оқулығымен дәптері,жаратылыстану оқулығы,ағылшын оқулығы мен дәптері ,бейнелеу өнері.еңбекке баулу сияқты оқулықтар мен дәптері жаңарып, жаңа бағдарламада келіп, толығымен оқушылар қамтамасыз етілді. 7сыныпқа Қазақ тілі,8 сыныпқа Дүниежүзі тарихы,9 сыныпқа География мен Қазақстан тарихы жаңарып келді. Қосымша оқулықтар, электронды оқулықтар мен оқу әдістемелік әдебиеттер,сонымен қатар биыл жаңадан көркем әдебиеттер келіп, кітапхана қоры жаңа кітаптармен толықты.
ҚР Премьер министрінің №173 бұйрығы негізінде әлеуметтік жағынан аз қамтылған оқушылар бірінші кезекте оқулықпен қамтамасыз етілді.
2024жылдың қыркүйек айында 1200 дей бала болса,2025жылдың 5 қаңтар айында Байтақ ауданынан 50мектеп ашылып 700 ге жуық бала оқулықтарымен сол мектепке ауысты.
Кітапхананың негізгі жұмыс бағыттары:
— Кітап мәдениетіне баулу,оқу мәдениетін тәрбиелеу, кітапқа деген құрметі мен сүйіспеншілігін қалыптастыру;
— Әрбір оқырманның оқу жүйесін қалыптастыру, құмартып кітап оқуға, кітапханаға тарту жұмысын ұйымдастыру, оқушылардың қызығушылығын танытып, білім негіздерін үйренуге, білімін ой-өрісін байытуға, ойлау қабілетін арттыруға көмектесу;
Кітап қоры туралы мәлімет.
Мектеп кітапханасының жалпы кітап қоры- 30890
Оның ішінде оқулықтар-26821
Көркем әдебиеттер- 2105
Брошюра, дәптерлер-1266
Жаңа буын оқулықтар саны-4658 дана.
Тәрбие бағыты бойынша көпшілік шаралар:
Мектеп кітапханасы талапқа сай безендірілген . Кітапханада тұрақты кітап көрмелері бар. Олар: «Әлемге әйгілі Әуезов», «Ахмет Байтұрсынұлы-кемеңгер қоғам қайраткері», «Жамбыл- менің жай атым ,Халық -менің шын атым », «Абай ұлы тұлға», «Ұлы ұстаз Ы.Алтынсарин», «Мұқағали мәңгілік ғұмыр»»Атырау -құт мекенім»,»Әлем таныған Қазақстан», «Қазақтың ұлы тұлғалары», «Алаш рухы асқақтады», «Кітап-рухани құндылық», «Сенің өмірің сиқырлы әлем». Жоспарға сай «Отбасы құт мекенім», «Еңбек ер атандырады», «Ұрпақтарға ұран болған ұлы Жеңіс»,23 Сәуір кітаптар күніне,14 Сәуір кітап сыйлау күніне көрмелері ұйымдастырылды. .
Қызмет мазмұны және ұйымдастырылуы.
Кітапхана күнделікті статистикалық есеп жүргізіп отырады. Бұл есеп кітапхана қорының қозғалысы мен оқырмандардың құрамын, санын айқындайды, кітап беру және библиографиялық жұмыстың мөлшерін айқындауға мүмкіндік береді.
Мектеп кітапханасына келушілер:
Кітапханаға келушілер 3-4,5-7 сыныптар оқушылары аралығында белсенділік артты.
9-11 сыныптың кітапхана оқырмандары жоғарғы көңіл бөлуді талап етеді. Себебі олар кітапханаға сирек келеді, оның өзінде тек пән мұғалімдері тапсырма бергенде ғана. Өз талабы бойынша кітапхана келетін оқырмандар аз. Бұл күнде, ақпараттық технологиялар қарыштап дамыған заманда, оқушылардың кітапханаға келу ықыластарын, кітап оқуға тарту жұмысын жаңа басылымдар арқылы жаңарту. Біздің кітапханамыз жыл сайын балаларға арналған жаңа көркем-әдеби кітаптармен толықтыруда.
2021ж-333дана 2022ж-237 дана 2023ж-366дана.2024ж 6 дана барлығы осы үш жылда 942дана көркем әдебиетпен кітапхана қоры толықтырылды.
Кітап қоры – есеп кестесі
Кітапхана қоры оқу, бағдарламалық, көркем,салалық , анықтамалық әдебиетпен камтамасыз етуде, сонымен қатар топтарға оқшауланған:
— орта буын сынып оқушылары — 5-8
— жоғары сыныптар оқушылары — 9-11
— көркем әдебиет қоры, оқулықтар.
Мұғалімдерге көмек ретінде әдістемелік материалдар жиынтығы бар.
Жыл сайын кітапхана қоры мемлекеттік бюджетінен /Білім басқармасынан/ әдебиетпен толықтыруда.
Қызмет мазмұны және ұйымдастырылуы.
Кітапхана күнделікті статистикалық есеп жүргізіп отырады. Бұл есеп кітапхана қорының қозғалысы мен оқырмандардың құрамын, санын айқындайды, кітап беру және библиографиялық жұмыстың мөлшерін айқындауға мүмкіндік береді
Кітапхана пән мұғалімдермен тығыз байланыста. Әр түрлі мектепішілік іс-шаралар өткізу барысында: олимпиада , ғылыми конференция , пән аптасы , ашық сабақ , семинар, жан-жақты тәрбие жұмысы, сынып сағаты болсын керекті материал таңдаған кезде кітапханадан үнемі көмек алуға болады.
Сонымен қатар кітапхана мен қазақ тілі мен әдебиет бірлестігімен бірігіп жұмыс жасады.« Жырмен жазылған жауынгерлік тарих» Ұлы жеңіске 80 жыл тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеттінің апталығы ашылды. 28сәуір Апталықтың ашылуы.Жеңіс лентасын таратылды,бірлестік жетекшісі: Ажар Нұрымқызы мен бірлестік мүшелері және 5-9-110сыныптар . «Ерлік деген-жүректің ұлы дауылы» атты радиотораптан батырлық,ерлік туралы өлендер оқылды.5-9-11 сыныптар қатысты.Келесі «Болмасыншы еш соғыс»атты оқушыларға эссе жаздырды,бірлестік мүшелері. «Ұлы Отан соғысы туралы естелік ұрпақтан-ұрпаққа берілу керек пе?»10сыныптар арасында дебат өткізілді ұйымдастырған Ажар Нұрымқызы. «Кітап деген ғажайып әлем » атты интелектуалды әдеби джем ойыны ұйымдастырылды,ұйымдастырған кітапханашы Асемгул Болатқызы 3ә сыныптар арасында ұйымдастырылды.«Менің атам-батыр»мұғалімдер,оқушылардың өз аталарынның ерліктері туралы дәріптеуі.,презентатция ,буклет,видеоролик түрінде 1-11 сынып арасында ,бірлестік мүшелері ұйымдастырды. «Б.Момышұлының Ұшқан ұя » әңгімесін талдау,ұйымдастырған Ажар Нұрымқызы 8ә сынып арасында , «Time Vibe» Табысқа жету жолы,Бір команда -Бір мақсат .Ұйымдастырған Айгул Мақсотқызы пән мұғалімдерімен өткізілді. «Естен кетпес Отты жылдар» тыл ардагерлерімен кездесу,ұйымдастырған Алтынай Талапқалиқызы мен Асемгул Болатқызы және 11 сыныптар. Т.Әлімқұлов «Бекторының қазынасы»әңгімесі Қайырболды мен бала ашық сабағы 11 а сыныбында ұйымдастырған Алтынай Талапқалиқызы. «Ұлы Жеңіске 80жыл » Куез 5-6 сыныптар арасында өтілді ұйымдастырушы Элвира Серғазықызы. «Университеттік кітапханалар» ашық сабағы болды 6б сыныбында ұйымдастырушы Элвира Серғазықызы. Ж.Сахиев «Дабыл»әңгімесі 8ә сыныбында ашық сабағы болды ұйымдастырушы Ажар Нұрымқызы. «Ерлікпен өрілген өлке тарихы» Атырау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Отан соғысының батырлары туралы танымдық сабағы 10ә сыныбымен өткізілді,ұымдастырушы Айгул Мақсотқызы. «Ел айбыны айшықталды» Талғат Қонысұлымен 10-11сыныптар арасында әскери шеру өтті.. Осымен шарамыз аяқталды.
Мектеп кітапханасы осындай жұмыстарды жасай келе жоспар бойынша жұмысын жалғастырады
Мектеп кітапханасының жұмысын «SWOT» талдау арқылы қорытындыланады:
S — КҮШТІ ЖАҚТАРЫ- материалдық базаның толықтығы, оқулықтармен толық қамтамасыз етіліуі, құжаттардың жүйелілігі, оқырмандармен жұмыстың үздіксіз жүргізілуі, оқу процесіне үнемі атсалысып, материалдармен қамтамасыз ету.
W — КЕМШІЛІКТЕР- мектеп кітапханасында WI — FI желісінің жоқтығы , оқулықтар алу кезіндегі көлік қиындықтары, кітапхана бөлмесінің тарлығы, медиатека кабинетінің жоқтығы; БАҚ құралдарына жазылу үшін қаржының бөлінбеуі, кітап қорындағы шаң тозаңдардан тазартып тұратын құрылғының болмауы.
O- ДАМУ МҮМКІНДІГІ- медиатека кабинетін жасақтау мүмкіндігі, оқырмандарды үнемі кітапханаға тарту мүмкіндігі, кітап қорын толықтай компьютерлік базаға енгізу мүмкіндігі, баспасөз беттеріне тұрақты түрде жазылу мүмкіндігі.
T- ҚАУІП-ҚАТЕР — болашақ ұрпақтың кітап оқуға деген құлшынысының болмауы.
Мектеп кітапхана меңгерушісі: Жанекенова Ә.Б