Біртұтас тәрбие бағдарламасы

Әжелер мектебі жобасы аясында үштік одақ арасында шеберлік сағатын ұйымдастырды. Мен қолданыста қандай орны бар екені таныстырылып, әжелер өз қолдарымен жасаған ұлттық бұйымдарымен таныстырып,балаларға үйретті. Ұлттық құндылықтар дәріптеліп, оқушыларымыз ұлттық өнерді үйренді.

Игі істер марафоны қарсаңында «Жан жылуы » мерекелік шарасы өтті. Бұл шараға ерекше білімді қажет ететін балаларға психологиялық көмек көрсетіліп, тренинг өткізілді. Бұл балаларға көңіл көтеру мақсатында сыйлықтар берілді.

«Қайырымдылық ісі» жобасы аясында келешек ұрпақты қайырымдылыққа, мейірімділікке тәрбиелеу мақсатында мектеп парламенті оқушыларымен суықта тоңып жүрген жұмысшыларға ыстық шай мен самса ұсынып, жылулық сыйланды.

«Зорлық –зомбылықсыз балалық шақ» тақырыбында сынып сағатары өткізілді. Мақсаты:Зорлық –зомбылық туралы мағұлмат беру.Адамның жаны мен тәніне үлкен зардап әкелетін соққы екенін түсіндіру және зорлыққа қарсы біздің елімізде заң бар екенін қаперге беру. Мектеп инспекторы Гаухар Маратқызының қатысуымен»Құқық бұзушылықтың алдын алу», құқықтың сауаттылықты арттыру,бос уақыты қамтылған балалардың қоғамдық орындағы мінез құлқын қалыптастыру/су айдындарында болуы,мұз қату кезіндегі […]

«Цифрлы әлемге қауіпсіз қадам»жобасы бойынша « Қаржылық қауіпсіздік» , «Дропперлер», «Цифрлық гигена», «Онлайн сатып алудағы алаяқтық»тақырыптарында сынып сағаттары өткізілді. Мақсаты: -Онлайн шоппингтегі алаяқтың негізгі түрлері және олардың сақтану тәсілдері түсіндірілді.Сынып жетекшілер оқушыларға нақты мысалдар келтіріп,қауіпсіздік үшін қажетті қадамдарды түсіндірді. https://www.instagram.com/p/DFVd-Elsdyv/?img_index=3&igsh=MTV3ZjBjcXJkc2d4dQ==

Балалар кітапханасы жақсы жұмыс жасайды.Кітапханамен біріккен жұмыс жоспар аясында «Тәуелсіздік теңдесі жоқ байлығым»атты шарасы өтті.Кітапханашы Жанекенова Асемгуль ұйымдастыруымен «Кітаптар әлемінде»жобасы өтті.1 сынып,1 кітап жобасы бойынша «оқы,талқыла,өзгеге ұсын»атты байқау өтті. Мақсаты:Білімнің кітап арқылы берілетіні ұғындыру,кітаптың адам өміріндегі маңызы,ғылыммен білімнің пайдасы жайлы түсіндіру. https://www.instagram.com/p/DDeBF6WNLe3/?igsh=eGJmYmxxNG55bzU=

Игі істер марафоны қарсаңында «Мейірімге толы жүрегім» атты мектеп парламентінің ұйымдастыруымен мектепішілік жәррмеңке өтті. Жәрмеңкеге мұғалімдер, қызметкерлер, ата-аналар , оқушылар түгелге дерлік қатысты. Қайырымдылық шарасынан түскен қаражат мекебіміздің есепшісі Джайлаубаева Ұлпанның ұлы Сұлтан Исламның еміне жіберілді. https://www.instagram.com/reel/DDWblIXNpI4/?igsh=MWFjcHFjMXgyMnE2bQ==

«Әкенің еккен ағашы ұрпаққа сая» тақырыбында кездесу. 4 сынып оқушылардың әкелері қатысты. Тәрбиелік шараның мақсаты: бала тәрбиесіндегі әкенің рөлінің зор екенін түсіндіру, ұлттық құндылықтарды насихаттау,әкенің отбасындағы және қоғамдағы жауапкершілігін арттыру, әке-бала-мектеп арасындағы байланысты күшейту. Әкелер тәрбиелік маңызы бар көріністерді тамашалап, өз ойларымен бөлісті. https://www.instagram.com/reel/DCgJaZZNIfi/?igsh=MW1wZDg4Y3BjYno0cQ==

25 қазан-Республика күніне орай мектеп оқушыларының қатысуымен мерекелік шара,барлық сыныптарда сынып сағатары өтті. Мақсаты: Білім алушыларды туған жеріне ,туған еліне сүйіспеншілігін халқын ардақтап өтуге үйрету.Патриоттық сезімдерін ояту.

25 қазан Республика күніне орай «Елдің ертеңі-кемел білім мен ұлттық құндылықтар»атты БПФ форматында пікір сайыс турнирі өтті.Оқушылар сөйлеу шеберлігімен көшбасшылық қасиеттерімен ерекше көзге түсті. «ҰБТ білімді дұрыс бағалай ма?»атты оқушылардың сөйлеу шеберліктерін көшбасшылық қасиеттерін дамыту мақсатында 11- сынып оқушылар арасында пікір сайыс турнирі ұйымдастырылды. https://www.instagram.com/reel/DBcyIKzCySl/?igsh=dTdqZTAwY215OW8y