Ресми интернет-ресурсқа қош келдіңіз

«Бәйге» дебат клубы – білімнің гуманитарлық бағытын негізге алған, оқушылар мен мұғалімдердің шығармашылық белсенділігін арттыратын жаңа форматтағы үйірме. Пікір-сайыс барысында оқушылар өз бетімен ізденуге, дәлелді сөйлеуге, әртүрлі көзқарастарды саралауға үйренеді. Бұл тек интеллектуалдық емес, сонымен қатар логикалық, психологиялық, адамгершілік қабілеттерді де дамытуға бағытталған.

Пікір-талас оқушыларды жан-жақты дамыта отырып, оларды көшбасшылыққа, шешім қабылдау дағдыларына баулиды. Сонымен қатар, дебат олимпиада секілді пәндік шектеуден тыс, кең ауқымды білім мен көзқарасты қажет етеді. Бағдарлама жаңа білім беру жүйесінің құндылықтарымен үйлеседі.

Құжаттама